Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Италияның Виченцадағы «Челленджер» турнирінің жекелей сынында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшы кортта жергілікті теннисші Федерико Арнабольдимен кездесіп, екі сетте 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойын бір сағат 25 минутқа созылып, 1/8 финал кезеңінде өтті.