Дмитрий Попко Бразилияда чемпион атанды
Дмитрий Попко Ресифедегі (Бразилия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Жұптық сында қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен кездесті. Ақтық сында Попко-Да Сильва тандемі 6:3, 6:4 есебімен чемпион атанды.