logo

Дмитрий Муравьев: Біздің мақсат — кем дегенде екі алтын медаль

Дмитрий Муравьев: Біздің мақсат — кем дегенде екі алтын медаль

Дмитрий Муравьев ресми түрде тас жолдағы велоспорттан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне кірісті, деп хабарлайды Sport+

7–16 ақпан күндері команда Таиландтағы Азия чемпионатында өнер көрсетеді. «Азия чемпионаты — өте маңызды біріншілік. Басты қарсыластарымыз — жапон велошабандоздары. Бірақ біздің құрам да осал емес. Біздің мақсат — кем дегенде екі алтын медаль», деді Муравьев.

Ерлер құрамасы: Евгений Фёдоров, Антон Кузьмин, Даниил Марухин, Игорь Чжан, Дмитрий Груздев, Руслан Алиев, Андрей Ремхе, Рудольф Ремхи, Владимир Колтунов.

Әйелдер құрамасы: Махаббат Үмітжанова, Рината Султанова, Анжела Соловьёва, Ақпейіл Өсім, Марина Курносова, Фаина Потапова.