logo

Диас Жиренбаев 13 орында аяқтады

Диас Жиренбаев 13 орында аяқтады

Словакия астанасы Братиславада мәнерлеп сырғанаудан Challenger санатындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын жарыста отандасымыз Диас Жиренбаев сынға түсіп, жалпы есепте 13-сатыға тұрақтады. Оның еншісінде 64.33 ұпай жинады. Биыл барлығы 25 елдің шеберлері өзара сынға түсті.

Еске сала кетейік, Ондрей Непела турнирінде 2018 жылы отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанған.