Диас Досқараев: Дэвис кубогына дайынбыз
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Диас Досқараев 6-7 ақпанда Астанада Монакомен өтетін Дэвис кубогы матчына дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport+.
— Барлық теннисші де кәсіпқой, сондықтан олар алға қойған міндетті жақсы түсініп отыр. Біз өз алаңымызда ойнаймыз, сол себепті жанкүйерлер, әсіресе, Аустралиядағы спортшыларымыздың табысынан кейін жоғары нәтиже күтеді. Әрине, бұл қосымша қысым болмақ. Дегенмен жігіттер мұны спорттың бір бөлігі деп қарайды. Бұдан өту үшін күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсай білу керек, — деді Диас Досқараев.
Монако құрамасының капитаны Гийом Куйяр қазақстандық команданың фаворит екенін жақсы түсінеді.
— Ауа райы мен кортқа бейімделу үшін Астанаға ертерек келдік. Қазақстан құрамасының барлық мүшесі тәжірибелі ойыншылардан жасақталған. Бізге жеңіс үшін ойнау қажет. Теннисшілерім не істеу керектігін біледі. Қазақстан командасының барлық ойыншымен жақсы таныспыз. Сондықтан командалық әлем чемпионатының келесі кезеңіне өту үшін ең жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз, — деді Гийом Куйяр.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.