Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының басты рекордтары
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогындағы кезекті матчына дайындалып жатыр. Кездесу қарсаңында ерлер теннисіндегі басты командалық турнирде ұлттық құраманың еншісіндегі ең жарқын көрсеткіштер мен рекордтарды еске түсіреміз.
Дэвис кубогының алты ширек финалы
Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік тобында 11 маусым өткізіп, алты рет турнирдің үздік сегіз командасының қатарына енді. Ұлттық құрама 2011, 2013, 2014, 2015, 2018 және 2021 жылдары ширек финалға дейін жетті.16 сағат 36 минут теннис
Қазақстан құрамасының тарихындағы ең тартысты кездесулердің бірі 2014 жылы Бельгияға қарсы өтті. Жалпы есепте 16 сағат 36 минутқа созылған текетірес Қазақстанның 3:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Бес матчта командалар 213 гейм өткізді.Бес сағатқа жуық уақытқа созылған матч
Қазақстан – Бельгия арасындағы сол текетіресте тағы бірнеше рекорд тіркелді. Андрей Голубев пен Давид Гоффен арасындағы кездесу 4 сағат 38 минутқа созылды.
Теннисшілер 62 гейм өткізді, оның ішінде бір сетте 22 гейм ойналды. Бұл үш көрсеткіш те Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы рекорды болып қала береді.Ең ірі жеңіс — 5:0
2008 жылы Қазақстан құрамасы Филиппин командасын 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық теннисшілер 15 сеттің 13-інде басым түсіп, 91 геймді өз пайдасына жазды.
Ал ұлттық құраманың ең ұзақ жеңісті сериясы — қатарынан алты матчтық кездесу.Бір ойыншының 100 матчы
Қазақстан құрамасының тарихындағы басты тұлғалардың бірі — Алексей Кедрюк. Ол ұлттық құрама сапында 15 маусым өнер көрсетіп, 100 матч өткізіп, оның 66-сында жеңіске жетті.
Жекелей сында оның еншісінде 43, ал жұптық сында 23 жеңіс бар.14 жастан 37 жасқа дейін
Алексей Кедрюк тағы бір ерекше рекордтың иесі. 1995 жылғы 10 сәуірде ол небәрі 14 жасында Қазақстан құрамасы сапында кортқа шығып, Дэвис кубогындағы ұлттық команданың ең жас ойыншысы атанды.
Ал құрама тарихындағы ең жасы үлкен ойыншы — Александр Недовесов. 2024 жылғы 15 қыркүйекте ол 37 жасында Қазақстан атынан Дэвис кубогында өнер көрсетті.Бір жұптың қатарынан жеті жеңісі
Қазақстандық жұптар арасындағы рекордтық серия Андрей Голубев пен Александр Недовесовке тиесілі. Олар Дэвис кубогының жұптық кездесулерінде қатарынан жеті рет жеңіске жетті.
Бұл көрсеткіштердің артында Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы отыз жылдан астам тарихы, теннисшілердің бірнеше буыны және отандық теннис тарихында қалған жарқын кездесулер тұр.
Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясындағы Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы матч 2026 жылғы 18–19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында өтеді. 18 қыркүйекте матчтар сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйекте сағат 12:00-де басталады. Матчтарға билеттерді сілтеме арқылы сатып алуға болады.
Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.