logo

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ақтық сынында

Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің ақтық сынында

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Оэйраш (Португалия) челледжер турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Kazinfom сайтына сілтеме жасай отырып.

Евсеев жапониялық Каити Утидамен бірге үш кездесуін сәтті өткізді. Қазақстандық-жапониялық жұп алғашқы айналымда жарыстың 2-ракеткалары, швециялық Филип Бергеви – даниялық Йоханнес Ингильдсенді камбэкпен ұтты – 2:6, 6:3, 11:9. Ширек финалда сербиялықтар Иван мен Матей Шабановтарды сүріндірді – 6:2, 3:6, 10:5. Жартылай финалда испаниялықтар Иниго Сервантес – Даниэль Ринконнан айласын асырды – 6:3, 7:6 (7:5).

Денис Евсеев – Каити Утида финалда америкалықтар Джордж Голдхофф – Трей Хильдебрандпен бас жүлде үшін таласады. 



Күн шежіресі