logo

Декреттік демалыстан оралған спортшы Париж Олимпиадасына қатысады

Декреттік демалыстан оралған спортшы Париж Олимпиадасына қатысады

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасында медаль алу үшін еңбектеніп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix жарысында 3 000 метрге кедергімен жүгіруден Олимпиадалық нормативті орындап, лицензия еншілеген еді.

«Мен декреттік демалыстан оралып, Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алғаныма қуаныштымын. Бұл менің алғашқы Олимпиадам болмақ. Медаль аламын деп үміттенемін.

Біз бапкерлер штабымен бірге Қазақстанға Олимпиада медалін сыйлау үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Қолымыздан келеді деп ойлаймын.

Егер мен Олимпиада медалін жеңіп алсам, бұл жас қазақстандық жеңіл атлеттерді шабыттандырады және жалпы Қазақстан халқын қуантады деп сенемін», - деді Джеруто.