Даурен Тұрсағұлов Қазақстан құрамасы сапында 55-ші ойынын өткізді
28 жастағы футзалшы Даурен Тұрсағұлов Аргентина құрамасына қарсы өткен матчта (3:2) Қазақстан құрамасының жейдесінде 55-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аягөз футболының түлегі Даурен Тұрсағұлов Қазақстан құрамасында алғаш рет 2017 жылы 8 сәуірде Алматыда, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Македонияға қарсы матчта (3:0) дебют жасаған болатын. Тұрсағұлов үшін Румынияға қарсы матч оның ұлттық құрамадағы 55-ші ойыны болды, және бұл матчта ол гол соғып көзге түсті.
Даурен 2018 және 2022 жылғы Еуропа чемпионаттарының қатысушысы, студенттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисті.