logo

Даурен Тұрсағұлов: Әлем чемпионатын сырттан бақылау қиын

Даурен Тұрсағұлов: Әлем чемпионатын сырттан бақылау қиын

Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Даурен Тұрсағұлов 2024 жылғы Әлем Чемпионатының 1/8 финалында Португалияға қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қарсыласымызды білген бойда дайындықты бастап кеттік. Португалия – өте мықты команда. Олардың ойындарын қарап, талдап жатырмыз. Менің ойымша, олардың құрамы қатты өзгерген жоқ. Бірнеше ойыншысы ауысқан, бірақ ойындары сол қалпында. Әлем чемпионатында сырттан бақылау өте қиын. Ойынды қатты сағынып жүрмін. Екінші ойында Андижанда бізді қолдауға көп адам келгенін байқадым. Шынымды айтсам, мұндай қолдауды күтпедім. Оларға көп рахмет! Біздің ойындарға қолдау көрсетуге келіңіздер!», – деді Тұрсағұлов.



Күн шежіресі