logo

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды

Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды

Бапкерлер штабының шешімі бойынша Дастан Сәтпаевтың орнына Оралхан Өміртаев ұлттық құрама сапына қосылады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

— «Челси» клубының медициналық штабынан Дастан Сәтпаевтың қазіргі жағдайы мен наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуі керек екені туралы ұсыныс алдық.

Қазақстан құрамасының медициналық штабымен бірге талқылап, жағдайды бағалағаннан кейін, ойыншыға толық қалпына келуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық.

Сәтпаевтың орнына Қазақстан құрамасына қазіргі таңда жақсы формада жүрген Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол ұлттық құрама алдындағы міндеттерді орындауға дайын, — деді ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Астанада өтетін FIFA Series 2026 турнирінде бақ сынайды. Алғашқы ойын 25 наурызда «Астана Аренада» Намибияға қарсы өтеді. Матч 17:00–де басталады.



Күн шежіресі