Билли Джин Кинг Кубогы аясында Австралия мен Қазақстан құрамаларының үшінші кездесуінде жұптық разрядта ойын өтті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық теннисшілер Жібек Құламбаева мен Анна Данилина Сторм Сандерс пен Эллен Переске қарсы ойнады. Ойын Австралия жұбының жеңісімен екі сетте 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Дегенмен, бұл жеңіс қарсылас команданың жеңісіне әсер етпеді, себебі Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті, ал Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина одиночный разрядта жеңіс алып келді.

Қазақстандық теннисшілердің келесі қарсыластары Колумбиядан болады. Матчтар 11 сәуірде өтеді.