Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Гран-при кезеңінде екі мәрте үздік ондыққа енді
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Висла қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Данил Васильев екі мәрте үздік ондыққа енді. Алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшы жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады. Екінші сайыста ол бесінші нәтиже көрсетті.
Илья Мизерных кезеңді 27 және 28-орындарда аяқтады.
Жазғы Гран-придің келесі кезеңі 8-9 тамыз күндері Францияда өтеді.