logo

Даниил Медведев спорттық жолында 40-финалына шықты

Даниил Медведев спорттық жолында 40-финалына шықты

2021 жылғы АҚШ чемпионы, әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Ол жартылай финалда әлемдік рейтингіде 138-орында тұрған аустралиялық Джеймс Даквортты ұтты - 6:7 (8:10), 6:3, 6:2.

«Бүгін менің де, қарсыласымның ойын деңгейі өте жоғары деңгейде болды. Тай-брейкте жақсырақ ойнай алар едім, бірақ солай болады. Бәсеке барысында екі тараптан да тартысты сәттер көп болды, сондықтан матчта жеңіске жеткеніме қуаныштымын», деді Медведев кортта берген сұхбатында.
 
Осылайша, ресейлік  теннисші Алматыда спорттық жолында ATP турнирлеріндегі 40-финалына өтті. Бұл жөнінен ол қазіргі кезде өнер көрсетіп жүрген теннисшілер арасынан сербиялық Новак Джоковичтен (143) кейін екінші орын алады.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау