2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Данияр Елеусінов салмағын ауыстырып, рингке жиі шығатын болады

Данияр Елеусінов салмағын ауыстырып, рингке жиі шығатын болады

Үш жылдық үзілістен кейін кәсіпқой рингке қайта оралған Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) салмақ дәрежесін өзгертеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еске салайық, қазақ боксшысы 28 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-5-2, 11 КО) жұдырықтасып, оны техникалық нокаутпен жеңді. Елеусінов бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберсе, бесінші раунд аяқталғаннан кейін Нойнайдың секунданты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

«Данияр Елеусіновпен әріптестік орнатқан Крис Гловердің айтуынша, қазақстандық боксшы жақын арада қатарға қосылып, алғашқы орта салмақта өнер көрсететін болады», - деп жазды журналист The Ring-те жарияланған мақалада.

Бүгінге дейін Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта өнер көрсетіп келген еді. Осы салмақта ол IBO чемпионы болған. Ал, әуесқой бокста Данияр – Рио Олимпиадасының чемпионы.



Күн шежіресі