Даниель Тазабеков WTT M15 турнирінде өнерін бастайды. Астанадағы матчтардың тікелей эфирі
3 тамыз күні Астанада World Tennis Tour M15/W15 сериясындағы екінші турнир басталады.
Жарыстың алғашқы күні орталық кортқа Қазақстанның болашағы зор жас теннисшілерінің бірі — 18 жастағы Даниель Тазабеков шығады. Ол Үндістан өкілі Маан Кешарванимен кездеседі.
Матч сағат 10:00–де басталады.
Орталық корттағы ойындардың толық кестесі:
Маан Кешарвани — Даниель Тазабеков
Ілияс Маратұлы — Александр Швангирадзе
Яна Ким — Екатерина Кузнецова
Леони Раби — Сатима Төреген
Орталық корттағы барлық төрт матч Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.