Дамир Исмагулов: Бокс - ең ауыр спорт түрлерінің бірі
ММА спортшысы Дамир Исмагулов өз әлеуметтік желідегі парақшасында бокс ережесімен өтетін Астанадағы Fight Night турниріне қатысуын сөз етті, деп хабарлайды Sport+:
«Шулатып, қолдау көрсетіңіздер! Бокс- ең ауыр спорт түрлерінің бірі, кейде үйреншікті ортаңнан шығуға тура келеді»
Исмагуловтың қарсыласы - бразилиялық Майа. Турнир 20 желтоқсан күні өтеді.