logo

Цонев бұрынғы клубына қарсы ойнайды. «Тобыл» - «Арда» матчын қайдан көруге болады

Цонев бұрынғы клубына қарсы ойнайды. «Тобыл» - «Арда» матчын қайдан көруге болады

Қостанайлық «Тобыл» 8 ақпанда Түркиядағы жиындарда болгариялық «Арда» клубына қарсы бақылау матч өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл қарсыласудың басты ерекшелігі Болгария клубының бұрынғы ойыншысы Радослав Цонев «Тобылға» аусып, бүгінгі ойында алаңға шығуы мүмкін.

«Арда» Болгария чемпионатының түрнир кестесінде 7-ші орында тұр, команданың үздік сұрмергені Преслав Боруков Цонев сияқты қысқы трансфер терезесінде командадан кетті.

«Тобыл» жанкүйерлері «Ардамен» матчта команданың жаңадан футболшыларын көре алады.

Матч Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады. Кездесудің тікелей эфирі Sport Plus Qazaqstan телеарнасында және сайтта, сонымен қатар YouTube арнасында өтеді.



Күн шежіресі