logo

Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналист ресейлік бапкерге ұнамай қалды

Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналист ресейлік бапкерге ұнамай қалды

Ресейдің «Спартак» клубын ұзақ жылдар жаттықтырған бапкер Олег Романцев отандасы Станислав Черчесовті жақтап шықты, деп хабарлайды Sport +.

Ол «Спорт экспресс басылымына» берген сұхбатында Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкеріне қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні «провокатор» деп айыптады.

«Бұл таза арандату. Менде мұндай жағдайлар сирек болған. Қазіргі кезде баспасөз конференцияларында осындай ситуациялар қалыпты жағдайға айналған. Осындай «мерзский типтер» сәтсіз матчтан кейін бапкерді арандату оңай екенін жақсы түсініп алған. Мұндай ақымақтыққа қалай әрекет ету керек? Ең оңай жолы арандатуға ермей, салқынқанды болу. Бірақ біздің кәсібіміз қоғамдық қарым-қатынасты қажет етеді. Стас арты не болатынын білді. Сондықтан ол өзін ұятқа қалдырмақ болған ақылды жігітке қалжыңдап жауап берді. Иә, әзірге жаңа жұмысындағы көрсеткіші жақсы емес. Бірақ мұндай әдіспен Черчесовті сындыра алмайды. Соған қарамастан ҚФФ бас хатшысы Андрей Дудин жоғары санаттағы бапкер деп баға берді. Сонымен қатар, ойыншылармен тіл табысуда, жаттығуларды өткізуде және матчтарды талдауда жоғары кәсібилігін атап өтті. Бұл баспасөз мәжілісінен кейін федерация Станиславты қолдады. Қазақ тілінде үйренетінін айтты. Демек, ол жақсы адамдармен жұмыс істеп жүр. Қазір Черчесов Қазақстанға Ресеймен екі жолдастық кездесу өткізейік деп ұсынысты бекерден-бекер айтқан жоқ», - дейді Олег Романцев.