Cемсерлесуден Қазақстан командасы Қатарда өтетін турнирге құрамын жариялады

2025 жылғы 24-26 қаңтар аралығында Қатардың Доха қаласында семсерлесуден Гран-при сериясының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Бұл ірі халықаралық турнирге Қазақстан құрамасы қатысады.
Жүлделер үшін келесі спортшылар бақ сынайды: Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Александр Федоров, Кирилл Павлов, Әсел Әлібекова, София Николайчук, Владислава Андреева.