logo

Чемпиондыққа таласатын қазақстандық клубтың құрамын бразилиялық шабуылшы күшейтті

Чемпиондыққа таласатын қазақстандық клубтың құрамын бразилиялық шабуылшы күшейтті

«Тобыл» 28 жастағы бразилиялық шабуылшы Энрике Девенспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+ Қостанай клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энрике Девенс 1997 жылдың 20 маусымында Бразилияның Эспириту-Санту штатына қарасты Линенополис қаласында дүниеге келген. Бразилия азаматтығымен қатар, оның Люксембург азаматтығы да бар.

Ол кәсіби мансабын Бразилиядағы жергілікті клубтарда бастаған. Кейінірек АҚШ-қа қоныс аударды.

2021 жылдан бастап Девенс өз мансабындағы еуропалық кезеңін бастады: алдымен Литваның «Бабрунгас» және «Дайнава» клубтарында, кейін Болгарияның «Крумовград» командасында өнер көрсетті.

2023 жылғы маусым оның мансабындағы нағыз серпіліске айналды. Ол Литваның Бірінші лигасында «Трансинвест» клубының сапында 22 гол соғып, үздік сұрмерген атанды, ел кубогын жеңіп алды және командасының А Лигаға жолдама алуына көмектесті.

«Тобылға» ауысқанға дейін Энрике «Жальгирис» клубында ойнап, Кубокта хет-трик, ал чемпионатта дубльмен көзге түсті.



Күн шежіресі