Бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына дайындыққа кірісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, қазан айында Түркістан облысындағы спорттық базада толық құрамда оқу-жаттығу жиыны басталған.
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Қарағандыда өткен мықтылар турнирінің жеңімпаздары Алуа Балқыбекова, Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш және барлық аймақтан боксшылар бар. Сонымен қатар, Үндістан құрамасы да бірге жаттығуда
Жалпы физикалық дайындыққа бағытталған бұл жиын аяқталған соң Азия чемпионатының алдындағы соңғы кезең 13 қараша Алматы облысына жоспарланған.