«Бүркіттер» жүлделі орын үшін таласуда: «Бешікташ» — «Аланьяспор» матчының трансляциясы
«Бешікташ» еурокубок аймағына ену үшін күресін жалғастырып келеді — ол аймақтан небәрі 3 ұпай ғана қалып тұр.
Сонымен қатар «бүркіттер» өз алаңында өте сенімді ойнап жүр. Ыстамбұлда «қара-ақтар» алты матч қатарынан жеңілмей, оның төртеуінде жеңіске жетті.
Ал Аланьялық ұжым соңғы бес матчта небәрі бір ғана жеңіске жетіп, ол да кубок ойынында болғандықтан, оң эмоцияларға кенде.
Алғашқы айналымда «Аланьяспор» қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан «Бешікташты» өз алаңында 2:0 есебімен жеңген еді.
Енді ыстамбұлдықтар қарымта қайтаруға мүмкіндік алып отыр. Кездесу 8 ақпанда сағат 22:00–де өтеді.
Матчтың тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.