logo

Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді

Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді

Бүгін, 12 қазанда футзалдан Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Оған барлығы 11 команда қатысады.

Жаңа маусымда ««»Астана», «Атырау», «Аят» (Рудный), «Байтерек» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Қайрат» (Алматы), «Каспий» (Ақтау), «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент), «Семей», «Тұлпар» (Қарағанды) командалары ойнайды.

Алғашқы турда 12 қазанда «Атырау» мен «Ордабасы», «Аят» пен «Каспий», «Жетісу» мен «Байтерек», 17 қазанда «Тұлпар» мен «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Астана» шеберлік байқасады. 

Алғашқы тур Өзбекстанда өткен әлеv чемпионатына байланысты жылдағы мерзімінен кеш басталғалы отыр.

Ережеге сәйкес плей-офф сатысына 8 команда жолдама алады. Ширек финал бір команданың екі жеңісіне дейін жалғасады. Жартылай финалда ол үш жеңіске дейін белгіленген. Ал, 3-орын үшін командалар екі жеңіске дейін бәсекеге түссе, финалда жеңімпаз үш жеңіс бойынша анықталады.