logo

Бублик Қытайдағы ATP турнирінің жартылай финалына шықты

Бублик Қытайдағы ATP турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гуанчжоудағы ATP турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің бірінші айналымында Бублик австралиялық Александр Вукичті 6:7, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы чех Далибор Сврчинаны 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Жартылай финалда Бублик қытайлық Ву Йибинмен кездеседі. Ол өз кезегінде ширек финалда Даниил Медведевті сенсациялық түрде жеңіп шыққан болатын.



Күн шежіресі