Бублик ATP 250 турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда қазақстандық аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездесіп, екі сетте — 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.
Финалда Александр Бублик ATP рейтингінде 83-орында тұрған франциялық Кентен Галимен кездеседі.