Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл — оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.
Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен «Мастерс» санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.