«Болонья» Италия кубогының финалына шықты (видео)

Италия кубогының жартылай финалының жауапты матчы «Болонья» мен «Эмполи» командалары арасында өтті, деп хабарлайды Sport+.
«Болонья» алғашқы матчтағыдай бұл ойында да жеңіске жетіп, қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Жеңімпаз команда сапынан гол авторлары — Джованни Фаббиан мен Тийс Даллинга болса, «Эмполи» құрамынан Виктор Коваленко көзге түсті.
Осылайша, «Болонья» финалда «Миланмен» кездеседі және 1974 жылдан бері алғаш рет ел Кубогын жеңіп алуға мүмкіндік алады.