logo

Болат Өтемұратов: Бұл — бүкіл қазақстандық спорт үшін маңызды оқиға

Болат Өтемұратов: Бұл — бүкіл қазақстандық спорт үшін маңызды оқиға

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов матчтан кейін Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шыққанын барша теннис жанкүйерлеріне арнап құттықтады, деп хабарлайды Sport+.

«Барша теннис қауымдастығы атынан осы айтулы оқиғамен қазақстандықтарды құттықтаймын. Біздің команда өз тарихында үшінші рет ең беделді командалық турнирдің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Біз бұған дейін 2022 және 2023 жылдары финалдық кезеңге қатысқанбыз. Бүгін — бүкіл қазақстандық спорт үшін маңызды күн. Командалық әлем чемпионатына қатысу — біздің құраманың және жалпы теннис жүйеміздің жоғары деңгейінің дәлелі. Бұл — ұзақ жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесі және бұл біз дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. Мұндай жетістік — мақтаныш қана емес, сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас теннисшілер үшін үлкен мотивация. Олар қазақстандық спортшылардың әлемдік теннистің ең жоғары деңгейінде сенімді өнер көрсетіп жатқанын көріп, өздері де алға ұмтылуға шабыт алады», — деп Өтемұратовтың сөзін Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі келтірді.



Күн шежіресі
1 г. 3 м. 2 д. 13 ч. 23 м. 31.381 с.