logo

Бокстан Таиландтағы турнирге қатысатын қазақстандықтар анықталды

Бокстан Таиландтағы турнирге қатысатын қазақстандықтар анықталды

24 мамыр мен 1 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында Thailand Open 2025 дәстүрлі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Сонымен қатар Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Таиланд және тағы да басқа елдердің былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады. 

Ұлттық құраманың тізім төмендегідей:

Ерлер:

— 50 келі: Нұрзат Оңғаров

— 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек

— 60 келі: Оразбек Асылқұлов

— 65 келі; Дулат Бекбауов

— 70 келі: Төрехан Сабырхан

— 75 келі: Тимур Нұрсейіт

— 80 келі: Диас Молжігітов

— 85 келі: Бекзат Таңатар

— 90 келі: Данияр Рахымбердиев

+ 90 келі: Даниял Сапарбай

Әйелдер:

— 48 келі: Гүлназ Бурибаева

— 51 келі: Жазира Орақтабева

— 54 келі: Сымбат Әлиасқар 

— 57 келі: Шахназ Исаева

— 60 келі: Виктория Графеева

— 65 келі: Назерке Серік

— 70 келі: Наталья Богданова

— 75 келі: Надежда Рябец

— 80 келі: Гүлсая Ержан

+ 80 келі: Елдана Тәліпова



Күн шежіресі