Бокстан Странджа кубогі Sport+ арнасының тікелей эфирінде

Sport+ телеарнасы бокстан халықаралық Странджа кубогінің жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді. Бұл турнирді «кіші әлем чемпионаты» деп те атайды.
Қазақстанның ерлер құрамасы жарысқа негізгі және қосалқы құрамдағы былғары қолғап шеберлерін жіберді:
48 кг: Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай
51 кг: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
54 кг: Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешов
57 кг: Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев
60 кг: Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов
63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов
67 кг: Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев
71 кг: Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов
75 кг: Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов
80 кг: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
86 кг: Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов
92 кг: Данияр Рахымбердинов
+92 кг: Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай
Қазақстанның әйелдер құрамасы Болгарияға келесі құрамда аттанды:
48 кг: Әйгерім Сәттібаев, Ақбота Болат
50 кг: Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турғанова
52 кг: Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді
54 кг: Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар
57 кг: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 кг: Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек
63 кг: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
66 кг: Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова
70 кг: Әзиза Исина
75 кг: Шұғыла Нәлібай, Анастасия Баязитова
81 кг: Жібек Жарасқызы
+81 кг: Ләззат Күнгейбаева, Дина Исламбекова
Жартылай финалдық жекпе-жектер Болгарияда 1 наурызда басталады.