logo

Бокстан Қазақстан құрамасының Олимпиадаға дайындық кезеңі белгілі болды

Бокстан Қазақстан құрамасының Олимпиадаға дайындық кезеңі белгілі болды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне сәйкес, Мырзағали Айтжанов шәкірттері кеңейтілген құрамда Анталияда (Түркия) бір апта өткізді. «Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл — соның алғашқысы» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесі 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.