Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 11 алтын медаль алды
Бокстан Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
11 алтынның бесеуін жігіттеріміз жеңіп алса, алтауын бұрымды боксшыларымыз қанжығалады.
Алтын жүлдегерлер:
Ұлдар:
60 кг. Алексей Хаванцев
67 кг. Төрехан Сабырхан
71 кг. Өнер Сейілхан
75 кг. Санжарәлі Бегалиев
80 кг. Мадияр Бексұлтанов
Қыздар:
54 кг. Аяжан Сыдық
57 кг. Аяжан Ермек
60 кг. Толғанай Қасымхан
66 кг. Ұлдана Таубай
75 кг. Шұғыла Нәлібай
81 кг. Аружан Зейноллаева
Командалық есепте үздік үшікке енген елдер:
Қазақстан – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола;
Өзбекстан – 7 алтын, 3 күміс, 12 қола
Үндістан – 5 алтын, 9 күміс, 8 қола
Айта кетейік, сары құрлық додасында жеңімпаз атанған боксшылар 700 АҚШ долларымен, күміс жүлдегер атанғандар 400, үздік үшінші орынға қол жеткізген боксшыларға 200 доллар көлемінде қажылай сыйақы берілді.