logo

Боксшылар Түркістанда дайындалуда (фото)

Боксшылар Түркістанда дайындалуда (фото)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-12 наурыз күндері Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге Түркістанда дайындалуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Боксшылар 17-28 ақпан аралығында «Алматау» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың бақылауымен күніне екі рет жаттығу өткізіледі.

Жиын аяқталған соң, 29 ақпан күні Қазақстан құрамасы Италияға ұшады. Лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар:

51 келі. Сәкен Бибосынов
57 келі. Махмұд Сабырхан
63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі. Асланбек Шымбергенов
80 келі. Нұрбек Оралбай
92 келі. Айбек Оралбай

+92 келіде Қамшыбек Қоңқабаев жазғы Азия ойындарында лицензияға қол жеткізген еді.

Боксшылар Түркістанда дайындалуда (фото)

Боксшылар Түркістанда дайындалуда (фото)

Боксшылар Түркістанда дайындалуда (фото)