logo

Боксшылар Белградта жеңіс жолын жалғастыруда

Боксшылар Белградта жеңіс жолын жалғастыруда

Бокстан Belgrade winner халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар кезекті жарыс күнін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Шаршы алаңға шыққан бес боксшының төртеуі жеңіске жетті. Санжар Тәшкенбай 51 келі жартылай финалда испан Рафаэль Лосано Серрано 3:2 есебімен жеңді. Даулет Молдашев 54 келіде  Жирайра Саргсяннан (Армения) — 5:0 басым түсті. Данияр Рахымбердинов 92 кг ширек финалында венгр Фехер Коппаниден  4:1 айласын асырды. Олжас Бокаев +92 кг жартылай финалында черногориялық Дилан Прасовичті жеңді — 3:0. Жеңіліс құшқан жалғыз Бейбарс Жексен. Ол 60 кг ширек финалында Артур Гарарянға (Армения) есе жіберді — 0:5.