logo

Боксшы қыздар Олимпиада алдындағы соңғы дайындыққа кірісті

Боксшы қыздар Олимпиада алдындағы соңғы дайындыққа кірісті

Әйелдер құрамасы Олимпиада Ойындарына дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алматы облысындағы бұл кезеңде бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.

Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Сонымен қатар, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:
50 келі. Гүлнар Тұрапбай
57 келі. Жайна Шекербекова
75 келі. Жасмин Қизатова

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.