logo

Боксшы Нұрбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

Боксшы Нұрбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. 

Нұрбек алғашқы айналымда Матвей Ражбамен (Украина) өзара мықтыны анықтады. 

Отандасымыз бірінші раундтан-ақ тізгінді қолына алып, жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті.



Күн шежіресі