Боксшы Махмұд Сабырхан 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды (видео)

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Брайан Ортиспен (Мексика) қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.