Боксшы Батыр Жүкембаев алдағы мақсатымен бөлісті
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында алдағы жоспарлары туралы айтты.
«Менің басты мақсатым — Әлем чемпионы атану. Сол мақсатқа сәл қалды. Аз ғана уақыттан кейін сол жетістікке қол жеткіземін деген ойдамын», — 33 жасар спортшы.
23 мамырда Плант-Ситиде қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев украиналық боксшы Иван Редкачпен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ бесінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.
Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas атағын сәтті қорғады. Қазақстандықтың рекордында 23 жеңіс бар, оның 17-сі мерзімінен бұрын және Сабриэль Матиастан бір жеңіліс орын алды.