Бір жылдан кейінгі оралу: «Каспий» жаңа бас бапкерін таныстырды

Бір жылдан кейінгі оралу: «Каспий» жаңа бас бапкерін таныстырды

Ақтаулық «Каспий» 41 жастағы қазақстандық маман Руслан Эсатовты бас бапкер қызметіне тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ Ақтау клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Эсатов бұған дейін де ақтаулық клубты басқарған. Ол өткен жылдың ақпан айында «Каспийдің» бас бапкері болған.

2024/2025 жылғы маусымда Эсатов «Мақтаарал» командасының бас бапкері қызметін атқарды. Ал 2022 және 2023 жылдары Атакент клубында Андрей Ферапонтовтың көмекшісі болды. Сонымен қатар, 2021 жылы Бірінші лигада өнер көрсеткен «Тараз-Қаратау» командасын жаттықтырды.

«Каспийде» Эсатовтың көмекшісі қызметіне қазақстандық маман Асхат Құсаинов тағайындалды. Ал аналитик-жаттықтырушы болып Ерлан Махамбедиев бекітілді.



Күн шежіресі