Billie Jean King Cup Junior: Қазақстан юниорлары Гонконгты жеңіп, топтан шығу мүмкіндігін сақтады

Billie Jean King Cup Junior: Қазақстан юниорлары Гонконгты жеңіп, топтан шығу мүмкіндігін сақтады

Шымкентте 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы командалық әлем чемпионатының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу кезеңі жалғасуда. Даңқты капитан Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің алғашқы екі кездесуін өткізді. Биыл ел намысын Каролина Лигай, Тамина Сакен және Мариям Нұржан қорғауда.

 
Жарыстың беташар матчында отандастарымыз фаворит саналған Жапония құрамасына 0:3 есебімен есе жіберген еді. Алайда екінші ойын күні Ярослава Шведованың шәкірттері өз жанкүйерлерінің алдында сепіліп, Гонконг командасын 2:1 есебімен ұтты.

Матч нәтижелері (Қазақстан – Гонконг):Тамина Сакен – Ка Хей Ма – 6:1, 6:2;
Каролина Лигай – Чиу Кван Нина Ванг – 0:6, 2:6;
Мариям Нұржан / Тамина Сакен – Хиу Лам Элла Вонг / Ка Хей Ма – 6:4, 6:3.
Дәл осы жұптық сын Қазақстан құрамасы үшін шешуші болып, топтағы жағдайын түзеуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта екі жеңіске жеткен Жапония көш бастап тұр. Ертең олар Гонконгпен кездеседі.

 
Қазақстан құрамасы үшін ертеңгі Тайландқа қарсы бәсеке тағдыршешті болмақ. Регламент бойынша, топтан үздік шыққан екі команда ғана әлем чемпионатының жолдамасына таласты жалғастырады.

Шымкенттегі іріктеу кезеңіне аймақтың ең мықты 16 жасөспірімдер құрамасы жиналды. «Beeline Arena» халықаралық теннис орталығындағы бәсекелер 16 мамырға дейін жалғасады.
 
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Forte. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.



Күн шежіресі