Билли Джин Кинг кубогының ширек финалындағы Қазақстан – Испания матчының ойын тәртібі анықталды

Билли Джин Кинг кубогының ширек финалындағы Қазақстан – Испания матчының ойын тәртібі анықталды

Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі Қазақстан мен Испания әйелдер құрамалары арасындағы ширек финалдық кездесудің ойын тәртібі белгілі болды. Қарсыластық 23 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Ойын бағдарламасын Соня Жиенбаева мен Джессика Бузас Манейро арасындағы кездесу ашады.

Екінші жекелей матчта кортқа Юлия Путинцева мен Кристина Букша шығады.

Қарсыластық жұптық матчпен аяқталады. Алдын ала өтінім бойынша Қазақстан құрамасы сапында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева, ал Испания атынан Кристина Букша мен Сара Соррибес Тормо өнер көрсетеді.

Қазақстан – Испания матчының ойын тәртібі:

Соня Жиенбаева – Джессика Бузас Манейро

Юлия Путинцева – Кристина Букша

Анна Данилина / Жібек Құламбаева – Кристина Букша / Сара Соррибес Тормо

Матчтық кездесу 23 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де (жергілікті уақытпен 17:00-де) басталады.

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде төртінші рет өнер көрсетіп отыр. Испанияны жеңген жағдайда ұлттық құрама турнир тарихында алғаш рет жартылай финалға шығады.

Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.



Күн шежіресі