Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпиондары қатысатын FIDE турнирінде ойнайды
Қазақстанның ең мықты шахматшысы Бибісара Асаубаева Тбилисиде өтетін FIDE Гран-при турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнир 14-25 тамыз аралығында Грузия астанасында өтеді. Қазақстандық шахматшының қарсыластары әлемнің ең мықты шахматшылары, оның ішінде әлемнің экс-чемпиондары Мария Музычук (Украина) және Александра Костенюк болады.
Сондай-ақ Тбилисиде Анна Музычук (украиналық), Нана Дзагнидзе (грузиялық), Сарасадат Хадемальшарьех (ирандық), Рамешбабу Вайшали (үндістандық), Алина Кашлинска (поляк), Лела Джавахишвили (грузиялық), Ставрула Цолакиду (грек) қатысады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 120 мың долларды құрайды.