logo

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті

Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.

Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.



Күн шежіресі