Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі басталды

Оберхофта (Германия) биатлоннан Әлем кубогы кезеңі басталды. Алғашқы медальдар әйелдер арасындағы спринтте сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Бұл жарысқа үш қазақстандық спортшы қатысты. Команда бойынша ең жақсы нәтижені Полина Егорова көрсетті. Ол 80-ші орынмен аяқтады.
Ольга Полторанина 85-ші, ал Галина Вишневская-Шепоренко 96-шы орынды иеленді.
Франция спортшысы Паула Боте үздік атанды. Мәреге екінші болып Норвегия спортшысы Марен Киркейде келді. Үздік үштікті болгариялық Милена Тодорова толықтырды.