Бежан Ходжалиев Қазбек Сағынның оралуы туралы: Қарсыласы одан шок алады
NAIZA лигасының ең жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпиондыққа үміткері Бежан Ходжалиев Sport+ басылымына берген сұхбатында Қазбек Сағынның октагонға оралуы жайлы пікірін білдірді:
«Қазір біз Қазбекпен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Ол ең үздік бабында! 23 мамырда өзінің ең мықты нұсқасын көрсетеді деп ойлаймын. Қазбек бұрын-соңды болмағандай жігерленіп жүр. Қарсыласы одан шок алады деп ойлаймын».
Сағын NAIZA 83 турнирінде қытайлық Жаомен жекпе-жек өткізеді.
Турнир толықтай Sport+ телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.