«Бешікташ» Еуропаға апарар жолда: «Коджаэлиспор» — «Бешікташ» матчының трансляциясы
«Бешікташ» өткен турда «Гезтепені» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнирлік кестеде Станимир Стоиловтың шәкірттерін басып озып, қазір еурокубок жолдамасын беретін төртінші орынға көтерілді.
Алда — «Коджаэлиспорға» қарсы ауыр сырт алаңдағы кездесу. Бұл стадионда турнир көшбасшысы «Галатасарай» да ұпай жоғалтқан, ал «бүркіттер» өздері де жуырда кубок матчында мұнда 1:1 есебімен тең ойнап, ұпайдан қағылған еді.
«Коджаэлиспор» — «Бешікташ» матчы сағат 18:00–де басталады.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.