logo

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатында бес қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатында бес қола медаль жеңіп алды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы бәсекелер өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.

Күндізгі сессия қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан Аяжан Ермек (57 кг дейін) пен Құралай Егінбайқызы (80 кг дейін) финалға жолдама алды.

Ал Айым Танкибаева (51 кг дейін), Жанель Имантаева (54 кг дейін), Алина Құдайгенова (60 кг дейін), Ақбота Есімбекова (65 кг дейін) және Сабина Жақсылық (80 кг-нан жоғары) қола медаль иегері атанды.



Күн шежіресі