Португалия чемпионатының 30-туры аясында «Бенфика» сырт алаңда «Спортингті» жеңді.

Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс голын «бүркіттер» қосымша уақытта соқты — Рафа Силва мергендік танытты.

Бұған дейін командалар Андреас Шьедеруп пен Хидемаса Моританың голдары арқылы есеп алмасқан болатын.