Бекжан Әбілқасым: Чемпион болғаннан кейін де өмірім өзгерген жоқ

Бекжан Әбілқасым: Чемпион болғаннан кейін де өмірім өзгерген жоқ

6 маусым күні Ақтауда өтетін NAIZA 84 турнирі аясында лиганың чемпионы Бекжан Әбілқасым Sport+ сайтына берген сұхбатында жекпе-жекке дайындығы, чемпион атанғаннан кейінгі өмірі және қарсыласы Бердібек Сиражов туралы әңгімеледі.

— Бекжан, жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр және қай жерде өтуде?

— Жекпе-жекке дайындық жақсы деңгейде өтуде. Өз командамыз SHERKHAN Fight Team құрамында жаттығып жатырмыз.

— Чемпион атанғаннан кейін өміріңіз өзгерді ме? Жалпы бұл жетістік мансабыңызға қалай әсер етті?

— Чемпион атағын алғаннан кейін бір аптадай құттықтаулар көп болды. Бірақ өмірім бұрынғы қалпында қалды. Таңғы және кешкі жаттығулар, дайындық арасындағы базардағы жұмыс — бәрі сол күйінде. Айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Біз әлі де өсіп келе жатқан спортшылармыз. Жекпе-жектен түсетін сыйақыны басым бөлігі дайындыққа жұмсалады.

— Қарсыласыңыз туралы ақпарат жинап үлгердіңіз бе? Ол туралы не айта аласыз?

— Қарсыласым — тәжірибелі спортшы. Сондықтан тартысты әрі қызықты жекпе-жек болатыны анық.



Күн шежіресі